01/12/2020  Сейсенбі

«ӨРЛЕУ» бағдарламасы туралы

Өрлеу жобасы – бұл әлеуметтік келісімшарт жасасқан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделу шараларына қатысқан жағдайда аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) шартты ақшалай көмекті (бұдан әрі – ШАК) ұсынуды көздейтін пилоттық бағдарлама.

Жобаның мақсаты:аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтудың әр түрлі формаларына қатыстыру, одан әрі жұмысқа орналастырумен немесе «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында жеке ісін ұйымдастырумен оқыту және қайта оқыту арқылы белсендендіру. Аз қамтылған отбасылардың қатарынан шығару үшін отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасқан отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмысқа және еңбекақыға ие болады, ал мемлекет отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартының күші бар уақыт бойы әлеуметтік көмек төлеп отырады.

Жоба қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік көмектің қолданыстағы жүйесін жаңғыртудың нәтижесі болып табылады. Бүгін аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін мемлекет атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік көмек (балалар жәрдемақысы), сондай-ақ тұрғын үй көмегін төлейді.

Көмектің аталған түрлері мемлекет көмегінің пассивті формалары болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қолдаудың аталған түрлері халық арасында масылдық пиғылды жоюға және оларға кедейліктен шығуға мүмкіндік бермейді.

Жаңа тәсілдердің мәні және қолданыстағы жүйеден айырмашылығы:

әлеуметтік көмек алу үшін еңбекке қабілетті жастағы аз қамтылған адамдардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы –алушылардың (отбасының) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу бойынша және әлеуметтік көмек бөлімдерінің - жұмысқа (оқуға) орналастыруға жәрдемдесу және өзге де әлеуметік қолдау көрсету бойынша міндеттері анықталатын отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшарты осы мақсатпен бекітіледі;

әлеуметтік көмек көрсету үшін критерияларды ең төмен күнкөріс деңгейінен 40 %-дан 60 %-ға және сәйкесінше, көмек мөлшерін  арттыру;

көмек алушылардың экономикалық дербестігін нығайту мақсатында (қолданыстағы жүйе бойынша – АӘК бір тоқсанға тағайындалады) әлеуметтік келісімшарттың әрекет ету мерзімі кезеңінде, яғни, жыл бойы көмек тағайындау;

отбасын сүйемелдеу институтын енгізу – жоба қатысушыларының әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау бағытын қадағалайтын, сонымен қатар өмірлік қиын жағдайды өз бетімен еңсеру үшін қолдау көрсететін  консультанттар және жоба ассистенттерімен іске асырылады.

Жоғарыда аталған жаңа тәсілдер Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 84-қадамын іске асыру аясында қабылданған «Қазақстан Республикалысының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикалысының Заңында (28.10.2015 ж.) бейнеленді және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін болады.

Көрсетілген заңда аз қамтылғандарға арналған төлемнің 3 түрін бір төлемге түрлендіру (Өрлеу жобасына ұқсас) көзделген, бұл ретте көмектің аталған түрі шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінетін болады.