01/12/2020  Сейсенбі

Полтавка ауылдық округ бойынша  ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулеріне  ұсыныстар,   ескертулер  жинау үшін
  жәшіктерді орналастыру орындары  туралы ақпарат

 

№ р/с

Селолық округтің атауы

Елдің атауы

Тұрғындардың
саны

Жәшіктердің орнатылған саны

Орналасқан жері

1

Полтавка

Полтавка

860

4

Полтавка орта мектебі фойе 1 қабат – 1
Полтавка  ФАП-і- 1
ЖК «Баширова Ш.А.» дүкені -1
Ауылдық округі әкімінің аппараты -1

 

 

 

2019 жылғы  ауылдық округ әкімінің есептері Полтавка ауылдық округі тұрғындарымен жүйелі кестесі

 

Аудан әкімі, ауылдық округ әкімінің есебі

25 қаңтар
жұма

Полтавка
      ауылдық округі

Полтавка с., Лесные поляны с., Борки с.,
Мәдениет үйі  сағ. 12.00.

 

«Полтавка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысы және 2019 жылға арналған жоспары туралы»

Жиырма жеті жыл бұрын Қазақстан халқы мемлекеттің егеменділігін, еркіндік пен дүниеге ашық бағдарын таңдады. Бүгінгі күніне бұл құндылықтар өміріміздің бөлінбейтін бөліктері болып табылады. Бүкіл халықтың жігері арқасында мемлекетіміз өзгерді. Осы уақытта Қазақстан – өз ерекшеліктері мен өз ұстанымы бар, жеке тұлғалы, табысты ел. Тәуелсіз болып қалыптасу жылдарында еліміз егеменділігіміздің нығайту мен мықты саясатын қалыптастырумен айналысып, мақсатына жетті.
Мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономикамызды, мемлекетімізді мен қоғамды нығайту мақсатында өмірдің барлық салаларының мен қоғамның өзекті мәселелері, экономиканы дамыту айқын қадамдары туралы жаңа шараларды жария етті. 2018 жылдың 5 қазан күні жария еткен жолдамада Қазақстан Республикасының Президенті тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, болашақты озып, қадамды алға батыл басқан халқы жеңімпаз болады деп айтты.
Полтавка ауылдық округі аумағында 3 елді мекен орналасқан: Полтавка, Борки, Лесные-полян ауылдары.
Тұрғындардың жалпы саны 860 адам құрады, оның ішінде Полтавка селосы -834, Борки-12, Лесные-Полян селосы-14 адам.
Округ бойынша экономикалық белсенді тұрғындары -436 адам, соның ішінде Полтавка селосы -419, Борки- 8, Лесные-полян- 9, тұрғындардың жалпы санынан 53% құрады. Жұмыспен қамтылуы округ бойынша -133, оның ішінде Полтавка селосы- 123, Борки- 4, Лесные-полян селосы- 6. Зейнеткерлер -144, мүгедектер -33, мектепке дейінгі балалар жастары -91. Ер адамдар -438, әйелдер-422.
2018 жылда округтан 37 адам кетіп қалды, 53 адам қоныстанды, көшіп-қону сальдосы 16.
Полтавка ауылдық округінде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, оның ішінде:
қазақтар –43%, орыстар-31%, немістер- 3%, украиндар – 18%  қалғандары – 5%.
Округте Полтавка орта мектебі, Мәдениет үйі, пошта байланыс пункті, фельдшерлік–акушерлік пункті, кітапхана, монша, 3 дүкен жұмыс істейді. Шаруашылық субъектілер: жауапкершілік шаруашылық серіктестігі-2, шаруа қожалығы-7, фермерлік қожалығы-2, жеке кәсіпкерлер -9. Полтавка- Петропавловск маршруты бойынша автобус бар, Борки және Лесные поляны селоларына автобус жоқ.
Әкімшілік реформасы шегінде ауылдық округ әкім аппаратында тұрғындарды мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін беруі нәтижелі жұмыс жүргізеді. Жеке  сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау үнемі жүргізіледі, оларға сәйкес жауаптар, ұсыныстар, консультациялар беріледі. Осы жыл ішінде заңды және жеке тұлғалар үндеуімен жұмыс жүргізілді. 2018 жылы заңды және жеке тұлғалар үндеуімен -15 түсті, оның ішінде округ әкімінде жеке қабылдау - 12, жазбаша жеке тұлға үндеуі - 1, заңды тұлға -2. Нотариалдық іс қимыл 82 жасалды, госпошлина 18539 теңге төленді.

Әлеуметтік қорғау

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бағдарлама бойынша нәтижелі және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында басты бағдар болып табылады. 2018 жылда бұл бағдарламаның қатысушылардың саны 5 адам – микрокредит алу жалпы соммасы 21,75 мың теңге, оның ішінде малшаруашылығын мен құсшаруашылығын дамытуына – 3 адам, ауылшаруашылығының дамытуына – 1, тауар сату саласына – 1 адам. 720,0 мың теңге сомасында 3 адам өтеусіз грант алды – тігін машина, мұздататын тоңазытқыш, ветрина шкафын, мотоблок, жанармай шөп шабатын машинасын алды.
Округте мекенжай әлеуметтік көмегін сұраған отбасылардың материалдық жағдайын тексеруін жүргізу бойынша комиссия жұмыс істейді. 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 4 отбасы 14 адамды құрайды.
Бағытталған жұмыстың арқасында мен қолданған шаралар нәтижесінде 2018 жылы - 105 адам жұмысқа орналастырылған, 63 жаңа жұмыс орындары пайда болды. Округ бойынша жалдамалы жұмысшылар саны – 303 адам, экономикалық белсенді тұрғындар санынан 69,5%  құрады.
Ауылшаруашылық  жүйесінде 168 адам жұмыс істейді, білім және денсаулық сақтау жүйесінде 50 адам жұмыс істейді.
2019 жылы 20 жұмыс орнының пайда болуының арқасында 60 адмды жұмыспен қамту жоспарланады.
2018 жылы халықтың жоқ- жітік тобының әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында округте қоғамдық төленетін жұмыс ұйымдастырылды, оған 12 адам жіберілді.
Жалғыз тұратын зейнеткерлер және мүгедектер толық қамтамасыз етілген. Полтавка селосында 3 әлеуметтік жұмысшы істейді, жалғыз тұратын 15 зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі.
Ең басты демеуші «Полтавское» ЖШС–гі директоры Е.К. Зикирин болып табылады, 2018 қайырымдылық қаражатқа 22864,8 мың теңге бөлінді, оның ішінде 308,3 мың теңге Наурыз мерекесін тойлап алуына, 1 маусым мереке шараларына, округтің елужылдық мерейтойына арналған облыстық филармонияның қатысуына бөлінді. Ауылдық мәдениет үйінде 630,5 мың теңге сомасына конопроектор орнатылды.
Жыл сайын округтің зейнеткерлеріне, мүгедектерге және тыл еңбекшілеріне қарттар күніне орай азық-түлік пакеттерді табыстау демеушілік көмек көрсетілді, 2018 жылы азық-түлік көмегінің сомасы 420,0 мың теңге.
Ұлы Жеңіс күнін және округіміздің 50-жыл мерейтойын атап өтуіне зейнеткерлерге және тыл еңбекшілеріне арналған «Полтавское» ЖШС 192,0 мың теңге сомасына қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды.
Дәстүрлі жыл сайын «Полтавское» ЖШС округтің кішкентай тұрғындарына сыйлықтар тарту етеді. Биыл жаңа жылдық сыйлықтарының сомасы 200,4 мың теңге. 128,0 мың теңге сомасына түлектер, оқу озаттары мен бірінші сынып оқушылары ақшалай сыйлықтарын тарту етті. 30,0 мың теңге сомасына күнкөріс төмен отбасылардың балалары «Оқжетпес» денсаулықты сауықтыру лагеріне жолдама алды. 53,0 мың теңге сомасына жазғы уақытта денсаулық сауықтыру алаңына барып тұратын оқушыларға ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
2018 жылдың наурыз айында 169,0 мың теңге сомасына Полтавка орта мектебінің оқушыларына спорт формасы мен спорт құрал-саймандар сатып алынды.
Осы жылдың қараша айында 148,0 мың теңге сомасына «Полтавское» ЖШС-нің көмегімен Полтавка орта мектеп ғимаратының бұғаты жөндеу жұмыстарын өткізілді.
Ауылдың абаттандыру мақсатында 148,0 мың теңге сомасына ауылдың көше жолдарын қардан тазалау жұмыстарын жүргізіледі.
2018 жылдың маусым мен тамыз айларында «Полтавское»  ЖШС көмегімен 598,3 мың теңге сомасына ауылдың ішіндегі жолдарын инертті материалын сеуіп алды, көше жарықтандыру сомасы 167,0 мың теңге.
Сонымен қатар «Полтавское» ЖШС-нің директоры Е.К. Зикирин облыстық және аудандық дәрежеде өтетін мерекелік іс-шараларына демеушілікті көрсетеді: Қызылжар мешітін салуына - 5000,0 мың теңге, Аққайың ауданының 90-жыл мерейтойына – 300,0 мың теңге, Аралағаш ауылында Жансүгір батырға арналған ескерткіштің салуына – 12000,0 мың теңге, Петропавл қаласында Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастығының форумына – 500,0 мың теңге, Петропавл қаласында орналасқан жаңа мешітінің қажеттіліктеріне – 1000,0 мың теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы

Халықтың жоғары әлеуметтік-экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіші ол – аграрлық сектордың дамуы болып табылады.    Ауылшаруашылық иелігінің жалпы көлемі 30711 га құрады, егістік – 20024 га, жайылым – 11641 га. ШҚ, ФҚ жер бөлігі – 16%, ЖШС - 84%.
Диверсификация шегінде 2018 жылы майлы дақылдарды себу жер ауданы 1320 гектарға көбейді. 2017 жылы майлы дақылдарды себу жер ауданы 2100 га, 2018 жылы 3390 га болып табылады.
2018 жылы дәнді дақылдардың орташа астық өнімділігі 14,4 ц/га, майлы дақылдардың 9,5 ц/га.
2018 жылы бойынша «Полтавское» ЖШС 181386,0 мың теңге сомасына 16 дана ауылшаруашылық техникасын алды, оның ішінде:

  • «Акрос» Комбайны 4 дана – 40848,0 мың теңге;
  • А/к Газель (12 орны) – 1 дана – 5615,0 мың теңге;
  • А/к Су тасушы – 1 дана – 9041,0 мың теңге;
  • Гидравликалық борона – 2 дана – 5900,0 мың теңге;
  • Кенеп дестелегіш – 3 дана – 72444,0 мың теңге;
  • Автокөлік МАЗ – 1 дана – 13860,0 мың теңге;
  • Қысымжинағыш орамалы – 1 дана – 12771,0 мың теңге;
  • «Джондир» тракторы - 1дана – 18367,0 мың теңге;
  • УАЗ 3962/01 – 1150,0 мың теңге;
  • ТСК тасымалдағышы – 1390,0 мың теңге.

2019 жылы «Полтавское» ЖШС 350 млн. теңге сомасына ауылшаруашылық техникасын сатып алуға жоспарлайды, оның ішінде:

  • Телескоптық тиегіш «JCB»;
  • Химиялық арам шөбін жұлдыру агрегаты «Кейс»;
  • 2 трактор «Джон Дир»;
  • 1 трактор «Кейс»;
  • 2 ГАЗ-53;
  • 20 тұқымсепкіш СЗС;
  • 1 тереңқопсытқышы.

2018 жылы «Алтын-Сары» ЖШС 57000,0 мың теңге 3 дана ауылшаруашылық техникасын алды, оның ішінде:

  • Комбайн дестелегішпен – 53400,5 мың теңге;
  • Тереңқопсытқыш соқасы – 2100,0 мың теңге;
  • Жүктиегішпен МТЗ тракторы – 1500,0 мың теңге.

2019 жылы «Алтын-Сары» ЖШС 10-метрлік «Донмар» дестелгішін алуға жоспарлайды.
2018 жылы «Полтавское» ЖШС күшімен 40000,0 мың теңгеге дән дақылдарға арналған ангар салынды. 60500,0 мың теңге сомасына «Полтавское» ЖШС-нің ток аумағына асфальт төселінді.
2019 жылы «Алтын-Сары» ЖШС гараждың салынуы жоспарланады.

 

Мал шаруашылығы

273 ауланың ішінде жеке қосалқы шаруашылығымен – 226 аула айналысады, ол 83% құрады. 2019 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округінде жеке үй-жайында ІҚМ – 630 бас (сиыр – 227), шошқалар – 386, қойлар – 886, жылқылар – 206, құстар саны – 4137.
«Полтавское» ЖШС жеке қосалқы шаруашылығы үшін тұрғындарға азық, шөп, сабан жеткізіледі.  Өз уақытында жер үлесі беріледі, 2018 жылы бір жер үлесіне 3,6 цн- бидай мен ячмень берілді.
Округте мал шаруашылығы дамуына көңіл бөледі.  «Полтавское» ЖШС 800 ІҚМ, ШҚ мен ФҚ 114 ІҚМ бар. ЖК 21 ІҚМ, 54 ШҚМ, 6 бас жылқылар бар.
Округте тұрғындардан сүт сатып алу «Куделя» ЖК мен «Мол-ТД»  1 литр 85 теңгеден  ұйымдастырады. Орташа есеппен бір ауланың табысы 30000 теңге.
Округте ветеринарлық эпизоотикалық сәттілігін қамтамасыз ету жұмысы мақсатты жүргізілді.

Шағын және орта бизнес

Округте 3 дүкен қызмет жасайды, онда 8 адам жұмыспен қамтылған. 5 жаңа жұмыс орындарының қалыптасуынан ЖК саны 3 бірлікке артты.
2019 жылы 2 жаңа жұмыс орны пайда болатын дүкеннің және шаштараз саласында ЖК-нің ашылуы жоспарланады.
2019 жылға негізгі мақсат ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама бойынша округ тұрғындарын микронесие алуына қызықтыру.

          Абаттандыру

Полтавка ауылдық округты абаттандыруына, жасылдандыруына, санитарлық тазалауға бағытталыңған үшайлықтың шараларында ауылдық округінің бүкіл тұрғындары қатысты.
Тұрғындардың, мекемелердің жұмыс ұжымдардың қатысуымен экологиялық және санитарлық күндер өткізілді.
Округ тұрғындарының жеке үй-жайымдарын, жеке аулары, қоғамдық орындары, мемлекеттік және жеке мекемелердің аймағында, елді мекендердің айналасы тәртіпке келтірілген.    
Селоны абаттандыру бойынша сенбілік өткізілді, қоршаулар ағартылды. Жеке меншігінде техникасы барлар санынан округ тұрғындары үшін  тұрмыстық қоқымды шығару ұйымдастырылды. Шекара кюветінің шөптерін шабу жасалды. Жұмыссыздар санынан тұрмыстық қоқымды жағып жіберу және жинау, арамшөп шабу бойынша жұмыс жүргізілді. Демеушіліктің көмегімен христиандық зиратының абаттандыру жұмыстарын өткізді: арам шөпті алу, қақпаның жөндеу мен орнату. 2018 жылы Ұлы Жеңіс күніне орай округте 3 ескерткіш жөнделген мен ретке келтірілген, автобус аялдамасы әктелген және сырланған. «Полтавское» ЖШС күшімен 11-км ішкішаруашылық жолдарына жүргізілді, қысқы мерзімде ішкішаруашылық жолдарын және Мәдениет үйі аумағын тазалау жұмыстары жүргізіледі. Полтавка ауылының көшелерінің бағаналарын ағарту жүргізілді. Көктем мен күз мезгілінде Полтавка аймағында 560 көшет отырғызылған. ««Аймақтарды дамыту» Бағдарламасы аясында аймақтардың экономикалық дамуына қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша МҮ аумағында 349 мың теңге сомасына 12 қыш құмыра орнатылған. Жаз мезгілінде қоқыс орнының үйіп жинау жұмыстары өткізілді.
2018 жылы 30 тамыз айында абаттандыру нәтежесінде «Үздік аула» байқауының қорытындысы бойынша: 1-орнына В.Н. Гаврилова; 2- орнына К.Ермагамбетов, Н.Лыга; 3-орнына М.Кильдянкин, В.Мозговой, Б.Дюсембаев ие болды.
Сумен жабдықтау

Ішкі магистрал бойынша су колонкалары арқылы су жабдықталуы Полтавка, Лесные поляны селоларында жүзеге асырылады, ал Борки селосында су қысымы мұнарадан. Полтавка ауылында 273 ауладан – 70 аула үйіне су өткізді.
Телефондандыру

Осы кезеңде округте 235 телефон орны бар, оның ішінде 19 заңдылық. Борки с. және Лесные поляны с.  радиотелефондық точка бар. Полтавка орта мектебі, әкім аппараты мен «Полтавское» ЖШС, сонымен ауылда 163 абонент кең жолды «Мегалайн» Интернет жүйесіне және IDTV жетімді.

Білім

Округте бір мектеп жұмыс істейді. Онда 111 оқушылар оқиды. Білім саласында 24 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 19 жоғары білімді, 2 сырттай оқиды, 3-магистрант, 1-магистратурада сырттай оқиды, 3 - мұғалім  жоғары, 8- бірінші санатты, 1-екінші санатты, 1-зерттеуші-мұғалім, 5-эксперт-ұстазы, 7-жас маман.
Өткен оқу жылының білім сапасы – 53 % құрды.
Әр бір тоқсанның аяғында ата-аналарға арналған қоғамдыққоғамдық тыңдау өткізіледі.
Полтавка орта мектебінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуде толық күнді  шағын орталығында 25 орын және толық күнді емес 15 орын жұмыс істейді. Мектепте «Көктөбе» ЖК ыстық тамақ ұйымдастырылған. Салауатты өмір салты денсаулық насихат және спорт дамуы бойынша анықты жұмыс жүргізіледі. Жазғы кезеңде жыл сайын балалар дем алуға сауықтыру алаңы «Солнышко» 2 рет тегін тамақтанумен және  «Өкжетпес» алаңы ұйымдастырылған, демеуші ЖШС «Полтавское» болып табылады. Жазғы кезеңде 63 оқушылар қамтылды. Жалпы оқу қоры бойынша «Оқжетпес» лагерінде 8 бала демалды.
Түлектерге, оқу озаттарына, бірінші сынып оқушыларына «Полтавское» ЖШС әкімшілігінен ақшалай конверт  алды, бұл демеушілік көмек жыл сайынғы  дәстүрге айналды.
Жаңа оқу жылының басталу алдында «Мектепке жол» акциясы өткізілді, азқамтылған және көп балалы отбасыларына балаларды  мектепке дайындауға 135000 тенгеге көмек көрсетті.
Мектепте спорт секциялар, демалу кештері мен үйірмелер жұмыс атқарады. Спорт дамуынан және салауатты өмір салтанын жүргізуінен жұмыс жасалынады.
Денсаулық сақтау

Ауылдық округінің әлеуметтік өмірінде басты саласы медициналық қызмет көрсету болып табылады. Бұл мақсатта Полтавка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді, ол қажетті жиһазбен, жабдықпен,  «Жедел жәрдем» автокөлігімен жабдықталған. Фельдшердің бос жұмыс орны бар.
Ауыл тұрғындарын тексеру үшін және дәрілер тағайындау орталық аудандық ауруханасынан дәрігер терапевт айына бір рет шығады. 2018 жылы Жеңілдікті препараттармен тегін  саны 350 адам қамтылды.
Борки және Лесные поляны медициналық қызметкерлердің болмауына байланысты, Полтавка ФАП жұмысшыларымен  шақыру бойынша қызмет көрсетіледі.

Мәдениет және спорт

Мәдениет саласы мәдениет үйімен ұсынылған, мәдени-массалық іс-шаралар, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған концерттер, дискотекалар, азаматтар жиналысы өткізіледі. 2018 жылда Полтавка Мәдениет үйінде 113 әр – түрлі шаралар өткізілді, жыл бойы 4255 адам келді. Полтавка ауылдық округінің Мәдениет үйінде 7 клуб топтар жұмыс істейді, олар: «Қартаю емес жүрегі» клубы, 2 балалар би, 2 вокал үйірмесі, КТК және аспаптық шеңбер.
Полтавка мәдениет үйі «Рухани  Қазына» шегінде облыстық мәдениет пен өнер салсында қызметкерлердің және мекемелердің фестивалінде қатысып, «Солтүстік-Қазақстан облысының ауылдық үздік мәдениет мекемесі» 3 дәрежелі лауреаты деп атанды. Мәдениет үйінің көркемдік өнерпаздар облыстық және аудандық шараларда қатысты:

  • облыстық байқау «Минута славы» Ю.Бакай, А. Колоденко;
  • облыстық фестиваль «Играй гормонь» Ю.Бакай, А. Колоденко;
  • Т.Щевченко жылдығына орай облыстық украин фестивалі, Ю.Бакай, А.Колоденко, А.Слепчук;
  •  қысты шығарып салуына арналған облыстық іс-шара   «Масленица», Ю.Бакай, А.Колоденко, Л.Дурыгина, В.Лыга;
  • ҚР Конституция күніне арналған аудандық  фестиваліне «Салт-дәстүр» АМҮ көркемдік өнерпаздар қатысты;
  • ҚР астанасына 20-жылдығына орай аудандық ретро фестиваліне АМҮ көркемдік өнерпаздар қатыстар;
  • аудандық фестиваль «Майские звезды»,  А.Слепчук;
  • Науырыз Мейрамын тойлауына арналған аудандық фестиваль «Наш шедрый край!», АМҮ көркемдік өнерпаздар;
  • Аудандық ойынКТК,ауылдық округінің көңілдер және тапқырлар команданың мүшелері;
  • Петропавл қаласында Аққайың ауданының күндері «Рухани Жаңғыру» бағдарламаның шегінде АМҮ көркемдік өнерпаздар қатысты.
  • Челябинск қаласында  бүкілресейлік  фестивалі «В гостях у Митрофановны», Ю.Бакай, А. Колоденко.

Мәдениет үйіне акустикалық колонка, жылу беру жүйесіне арналған сорғысын, ВЭРС құралын сатып алуына жергілікті бюджеттен 188,3 мың теңге бөлінді.
Полтавка мәдениет үйінде кітапхана жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 5340 дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілде - 3043, 4116,6 жалпы сомасы. 2018 жылы ауылдық кітапханаға 395 дана кітап түсті, қазақ тілінде 276 дана кітап, барлығы оқырманы - 517. 58 іс-шара жүргізілді, барып келетін оқырмандардың жалпы саны 3041 адам.
«Рухани қазына» бағдарламаның шегінде ауыл кітапханасы «СҚО ауыл үздік кітапхана» 2 дәрежелі лауреаты болып атанды. 2016 жылы кітапханада медиатека ашылды. 3 жыл ішінде «Достық» атты этно-мәдени бірлестігі жұмыс істейді, Бірлестігінің басты мақсаты ол – қазақ мәдениетін қайта өркендету. Округте бір стадион, хоккейлік корт бар. Округ тұрғындары облыстық және аудандық спорттық шараларда белсенді қатысады.
2018 жылғы қаңтар айында есепті кездесулер барысында Полтавка ауылдық округ тұрғындарының  ұсыныстары мен ескертулері жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес  бақылауға 1 сұрақ қойылды. Лесные поляны ауылына айына бір рет фельдшердің келіп кетуін ұйымдастырып алуыңызға бола ма? Аққайың ОАА бас дәрігерімен келісуімен айына 1 рет Лесные поляны ауылына Ж.К. Әділова келетін болады.
2019 жылда округте іске асыруға жоспарланатын басты мақсаттар:
дәнді дақылдарды өндіру мен малшаруашылығының дамытуы;
қызмет көрсету саласында, кіші және орташа бизнестің объектілердің нығайтуына ықпал ету;
тұрғындардың мемлекеттік бағдарламаларда қатыстыру;
халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына әлеуметтік көмек көрсету;
елді мекендерді абаттандыруынан іс-шараларды өткізу.
Құрметті жерлестер!

Халық ынтымақ және бейбітшілікте тұрса, оның алдында жетпес шыңдар жоқ. Бұл қағиданы біз өз еңбегімен және бірлігімізбен дәлелдедік.
Біз әрі қарай мемлекеттік органның ашық және тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз етеміз. Әр бір тұрғынның әлеуметтік қамсыздандыруын жақсарту мақсатында Президенттің алдына қойған талаптарды бірге іске асыра  аламыз.
Назарларыңызға рахмет!

Полтавка ауылдық округінің әкімі
                                                  О.Семенюк