05/06/2023  Дүйсенбі

Украина Полтава губерниясынан қоныс аударғандардан 1895 жылы Полтавка ауылы құрылды. Оған Құмдыкөл көлінің айналасынан жер бөлінді. Алғашқы қоныстанушылар В.П.Кайдаш., М.П.Кайдаш., С.Г.Мироненко., М.Г. Мироненко., Н.Ф.Денисенко болатын. 1901 жылы мектеп пен шіркеу құрылысы салынды. Мектеп соломнан салынған болатын Ол екі сыныптық діни шіркеуі. 1903 жылы ағаштан шіркеу салынды және Петропавл қаласынан архиері шіркеуді аластап, ауылдың атын жариялады. Полтавка ауылы болысты ауылдардың бірі болды, онда жаңадан қоныс аударушылар біртіндеп келе бастады, 1912 жылы үйлер саны 560 болды, төрт жылдық діни-шіркеу мектебі жұмыс істеді. 1917 жылы болыстық басқару Полтавка ревкомы болып өзгертілді, бірінші комиссары Кияшко Федор Михайлович болды. 1921 жылы ерікті жасақтар Ф.М.Кияшконың қолбасшылығымен Тоқшын ауылына ақ гвардияшылар басқыншыларының бүлігін басу үшін жіберілді, осы соғыста Ф.М.Кияшко қайтыс болды, Полтавка ауылының орталық алаңына жерленді. 1929 жылы шаруалардың ерікті бірігуі негізінде «Красный Полтавец» колхозы құрылды, бірінші төрағасы В.Ф.Кундей болды. 1933 жыл мен 1955 жылы Полтавка ауылында балалар үйі жұмыс істеді. Ресейдің орталық облыстарынан Полтавка ауылына тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары В.И.Мочалов., И.М.Барандык., Н.Н.Ширяев және басқалар келді. 1957 жылы «Ивановский» совхозы құрылды, Полтавка ауылы осы совхоздың 3-ші бөлімшесі болды. 1971 жылы жаңа мектеп құрылысы басталды, 9 жылдық мектеп орта мектеп болды. Орта мектептің алғашқы директоры Ф.В.Кюльпер болып тағайындалды. 1968 жылы Ивановка совхозының бір бөлігі «Полтавский» совхозы болып құрылды, алғашқы директоры Паращенко Вячеслав Николаевич болды. 1972-1985 жылдары директор Е.А.Ақмамбаев болған. Бұл кезде әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінетін, оған ФАП, монша, клуб, балабақша, тұрғын үй салу жұмысын жүргізу керек болды. Е.С.Барлыбаев басқарған кезде ауыл түбірімен өзгерді: көшелер асфальттандырылды, фермада радиа байланыс пайда болды, өндірістік учаскелерінде сауна, фермада медициналық кешендер пайда болды. Мәдениет үйі жаңаша ресімделді, онда жастар кафесі, кітапхана, жанды бұрвыш, партия бөлмесі пайда болды. Ьектеп жанында қосалқы шаруашылық пен дем алу еңбек лагері салынды. 1997 жылы «Полтавский» совхозы «Полтавское» ЖШС болып құрылды.

Борки ауылы 1896 жылы Ресей мен Молдовиядан қоныс аударғандардан құрылды.  Алғашқы қоныс аударушылар Кононв, Аньясов, Мироновтар болатын. Алғашқы қоныс аударушылар жер үйде, одан кейін саманда пайдаланды, Үлкен Жарма көлінің маңына бір қатарға орныққан, көлден керегінше өздеріне су алды. Балық аулады және аңшылықпен айналысты, бидай, қара бидай өсірді. 1900 жылы үлкен шіркеу салынды. Григорьевкадан, Ивановкадан көрші ауылдан адамдар мереке күні келе басталды. 1914 жылы 500 аула болды. 1918 жылы кеңес үкіметі құрылды. Ауылдың жанынан колчактар армиясы өтті. Колчактармен соғыста қызыл армияшылар Катушкин мен Белоусов қаза тапты. Оларды ауылдың орталығына жерледі және ескерткіш орнатылды. 1921 жылы Борковтықтар үшін қиыншылық болды – қатты құрғақшылық, астық шықпады, аштық жайлады, көптеген халық аштан өлді. 1928 жылы «Новый быт» колхозы құрылды, алғашқы төрағасы Афанасий Маковецкий болды, ал селолық кеңестің бірінші төрағасы алғашқы қоныстанушылардың баласы Антясов Иван Федорович болған. 1941 жылы жалпы жұмылдыру басталды, соғысқа 87 адам аттанды, соғыста 29 адам қаза тапты. Соғыс кезінде Борковтықтар шешен және неміс отбасыларын бауырына басты, олар Қазақстанға күштеп жер аударылған болатын. 1952 жылы Өрнек ауылы қосылды. 1931 жылы жеті жылдық мектеп ашылды, директоры Н.В.Кузьменко болды. 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Жұмыс қолы жетіспеді, «тракторға - қыздар» шақырылатын. Қысқа мерзімді курстан кейін қыздар трактор штурвалына отырды. Бұлар Гудкова Р.Ф., Федоров Л.Г., Грасманюк П.Н және басқалар. 1957 жылы «Новый быт» колхозы Ивановка совхозының №4 бөлімшесі болды, 1968 жылы – Полтавка совхозының №2 бөлімшесі. 1957 жылы ауылға радио мен электр жарығы, 1967 жылы клуб салынды, 1971 жылы кітапхана ашылды, 1996 жылы клуб пен кітапхана жабылды.

 

Жылдар

Тұрғындар саны

Оқушылар саны

1973

764

180

1996

432

73

2003

240

50

2007

131

5

 

Боркиде мал шаруашылығы дамыған, басты бағыт – қой шаруашылығы, мехток жұмыс істеді, үлкен трактор паркі, өсімдік өсіру дамыды.

Малбасы

 

Жылдар

Қойлар (мың бас)

Сиырлар (бас)

Жылқылар (бас)

1986

12,0

500

-

1990

6,0

400

300

1996

0,8

200

-

2003

-

-

-

 

Боркиде 2003 жылы 10 шаруа қожалығы жұмыс істеді, мал шаруашылығы 1997 жылы жұмыс істеген жоқ.

Лесные поляны ауылы 1951 жылы ет комбинаты жанындағы дайындау кеңсесінен бордақылау-совхозы ретінде құрылды. Басына саманнан 10 үй тұрды. Басшы Баттал Хасенов болатын. 1971  жылы жеті жылдық мектеп, жол, клуб, кеңсе, үйлер сала бастады. Лесные Поляны ауылына автопарк, МТШ, жалпы үйлер болды. Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болды. Мал өсірді, сатып алып ет комбиатына тасыды. Сондай-ақ сұлы, арпа, бидай өсірді. Өсімдік өнімдері малдарға азық дайындалуға жұмсалды. Ауылдың бордақылау – совхозы өзінің жұмыс істеп тұрған уақытында Черкас селолық округіне қарады. Лесные Поляны ауылының еңбеккерлері: Рузманов Ф., Рузманов Н., Рузманова П., Степаненко Е.Г.,  Канафин А., Дүйсенбаева Р., Науменко Ф., Гарвардт Ф., Хамзин Ж., Шамекешев И және тағы басқалар. 1968 жылы «Лесные Полянаның» бордақылау-совхозы «Полтавский» совхозының №3 бөлімшесі болды. Бұрынғы мектеп түлегі Б.Ж.Жамалиев мектепке күшті көмектседі, мектептің қас бетін ресімдеуге, жиһаз сатып алуға және жиһаздарды жөндеуге демеушілік көмек көрсетті.