27/01/2022  Бейсенбі

Құқық қорғау қызметін цифрландыру – бұл біздің елімізде заманауи технологияларды қолдана отырып жүргізілетін құқықтық саланы жаңғыртудың үлкен блогы.

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарында қылмыстық сот ісін жүргізуді цифрлық форматқа кезең-кезеңмен көшіру көзделген.

Кезең-кезеңмен өту бағыттарының бірі қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 105-бабы тәртібінде шағымды қарау болып табылады.

Осы жоспарды іске асыру шеңберінде а.ж. 1 тамызынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының базасында ҚПК-нің 105-бабы тәртібінде шағымдарды қабылдау, тіркеу және қарау бойынша пилоттық жоба іске қосылды («Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар берген әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібі»).

Жобаның мақсаты мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге және прокурорлықзаңдылықты қадағалаудын тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қоғамдық бағыт және азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды күшейту маңызды құрамдас бөлік болып табылады.

ҚР ҚПК 105-бабы тәртібінде шағым беру функционалы qamqor.gov.kz сілтеме бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Жария сектор» ақпараттық порталы арқылы мүмкін болады. Мұның бәрі нақты уақыт режимінде жұмыс істейді.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес шағымды қарау мерзімдері шағымның мазмұнына байланысты, ол мерзім 3 және 7 тәулікті құрайды, қажет болған жағдайда қосымша материалдарды талап ету 15 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап СҚО бойынша қадағалау және тергеу органдары электрондық форматта ҚР ҚПК 105-бабы тәртібінде 200 (243) астам шағым тіркеді.

Бас прокуратураның

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы

бойынша Басқармасы

04.11.21 14