04/12/2023  Дүйсенбі

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықты орындау мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін. Кездесуге ауыл тұрғындары, округ ұйымдарының басшылары, кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер шақырылды.  Кездесуін өткізу барысында екі мәселе келіп түсті, оларға түсініктемелер берілді.